Мәжіліс сайлауына қатысатын екі партия тіркелді
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын екі партияны тіркеді. Олар – «Ауыл» мен «Байтақ» жасылдар партиясы. Екі саяси ұйым да әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың отыз пайыздан кем болмауы керек деген квотаны сақтаған. Үміткерлер Конституция мен «Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес келеді. 25 кандидатты ұсынған «Ауыл» партиясы науқанға тегін қатысады. Өйткені, алдыңғы сайлауда таңдаушылардың 5,2 пайызын жинаған. Ал, сайлауға бірінші рет түскелі тұрған «Байтақтың» әрбір мүшесі 1 миллион 50 мың теңге сайлау жарнасын төлеген.
Жалпы, кандидаттарды тіркеу алдағы сенбі күні сағат 18:00-де аяқталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03
Әлемдік рейтинг: Қазақстан – Орталық Азиядағы ең қолайлы ел
20.10.2026, 13:02