Түркістандағы көкпар тартқан көпбалалы ана кім?
Адолат Алтешова - бала кезден асау үйретіп, тұлпар тақымдап өскен нәзікжандылардың бірі. Айтуынша, өзі құрсақта жатқанда анасы да көкпар тартқан. Жылқыны жанына серік еткен Адолат та ат құлағында ойнап, қыз қуу секілді ұлттық ойындарға қатысқан.
Адолат Алтешова, Созақ ауданының тұрғыны:
Мен шешемнің ішінде жатып, атқа мінгенмін десем болады. Содан бері туғаннан кейін әкем атқа үйретті үш жасыма дейін. Одан бес жасымнан өзім міндім. Әкем сол көкпарға тәрбиелеген мені кішкентайымнан. Ұл сияқты өсірген. Енді осы күнге дейін сол жылқымен айналысамыз.
Көкпаршы келіншек 13 жасында аудан бойынша өткен бәйгеде алдына қара салмай, қанжығасын майлағанын мақтанышпен еске алады. Мұнан кейін де шабандоздың еншісіне талай жеңіс бұйырды. Ал қазір ол ағылшын жылқысын баптайды. Бие байлайды. Алты перзент сүйген көпбалалы ана отбасы ошақ қасынан да табылады. Отағасы да үнемі қолдау білдіреді.
Қазір бұл отбасы Созақ ауылының маңынан жылқы фермасын ашып, көкпарға ат баптайды. Ұлдары да аттың құлағында ойнайды, көкпар тартады. Ерлі-зайыптылар болашақта ауыл балаларын баулып, бәйге шабатын нағыз шабандоздарды тәрбиелеп шығаруды армандайды.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06