Павлодарда заңсыз жолмен Ресей астығын сатқан кәсіпкер ұсталды
Павлодарда заңсыз жолмен Ресей астығын Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға сатқан кәсіпкер ұсталды. Ол бір жылдың ішінде құны 1 млрд теңгеден астам 8300 тонна импорттық бидайды шекара асырған. Көрші елден кіргізілген өнімді кедергісіз экспорттау үшін жергілікті шаруа қожалықтарынан сатып алынды-деген жалған құжатты пайдаланған.
Әмірлан Шотпанов, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі:
Экспорттық тауарды жеңілдетілген тарифпен жөнелту үшін астық Қазақстанда өсірілген деп көрсеткен. Есеп құжаттарының заңсыз екендігі дәлелденді. Транзиттік тарифтен жалтару арқылы Қазақстан Темір Жолы компаниясына 150 млн теңге көлемінде залал келтірілді. Тергеу әлі жалғасып жатыр.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01