ШҚО-да қар көшкіні болуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі әлі де бар. Алдағы бірнеше тәулікте аймақта күн райы 4 градусқа дейін жылынуы мүмкін. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Жалпы елімізде қар көшкіні түсетін 800-ден астам аумақ болса, оның 500-ге жуығы осы облыста. Қар көшкіні көп түсетін таулардың арасымен бірнеше автокөлік жолы да өтеді. Оған қоса 70-тен аса елдімекен бар. Биыл тау шатқалдарындағы қар қалыңдығы 2 метрге жеткен. Бүгінге дейін көшкін жүруі мүмкін 20 бағыт белгіленіп, ол аумақтарды мамандар бақылап отыр. Жолушыларға тау арасындағы жолмен жүргенде ерекше сақ болу қажеттігі ескертіліп жатыр.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы13 боксшымыз жартылай финалда
06.04.2026, 10:11
Алғаш рет Дания Корольдік театрының гала-концерті өтті
06.04.2026, 10:05
Дрондар шабуылына ұшыраған Усть-Луга портында мұнай қайта тиеле бастады
06.04.2026, 10:04
Германияда ер адамдар шетелге шығу үшін әскери рұқсат алуға міндетті
06.04.2026, 10:03
Трамп электр станциялары мен көпірлерді қирататынын ескертті
06.04.2026, 09:58
Ресейдің Дағыстан Республикасында су тасқынының салдарынан дамбы жарылды
06.04.2026, 09:56