Ақмола облысында сайлау күні 728 сайлау учаскесі жұмыс істейді
Ақмола облысында сайлау күні 728 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 28-і уақытша орындарда ашылады. Қазір мұндай учаскелер қойылатын нысандардың материалдық жағдайы тексеріліп жатыр.
Аймақта 500 мыңнан астам дауыс беруге құқылы адам бар. Облыста 994 сайлау комиссиясы құрылған. Олар үшін Көкшетауда Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен көшпелі семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Биылғы Мәжіліс және мәслихат сайлауында біраз өзгешелік бар. Яғни, әкімшілендіру, бюллетендерді беру, дауыстарды есепке алу, санау кезінде бірқатар ерекшелік болады. Сондықтан біз оның бәрін облыстық сайлау комиссиясының мамандарынан түсіндіріп, сұрақтарына жауап бердік.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06