Ұлттық арна ұйытқы болды: Дүкен сөрелерінде енді қазақ тіліндегі дәптерлер сатылады
Еліміздің дүкен сөрелерінен енді «тетрадь» емес, «дәптер» деген қазақ тілінде жазылған оқулық сатып алуға болады. Ұлттық арна көтерген мәселені баспагерлер назарға алып, дәптер мұқабасы ана тілінде шыға бастады.
Былтыр күзде ата-аналар қаншама жылдан бері қарапайым оқулықтың өзге тілде шығып келгеніне наразылық білдіріп, біздің арна арқылы шағымын жеткізген еді. Енді міне, отандық баспаханалар көптің талап-тілегін ескеріп отыр. Сыртқы бетінде ұлы Абай мен халық ағартушысы Алтынсариннің бейнесі бейнеленген дәптерлерді көрген тұрғындар ана тілді дәріптеуге ұйытқы болған Ұлттық арнаға алғыстарын білдірді.
Сымбат Асан, тұрғын:
Дүкен сөрелерінен осындай қазақша дәптерлерді көргеніме қатты қуанып тұрмын. Біз осы уақытқа дейін орысша тетрадьпен оқып келдік. Бұдан кейін енді бізде қазақша дәптерлер бар бізден кейінгі оқушыларға арналған. Артында септіктеріне дейін жазылған. Кәдімгідей күшті шығарған. Осы тақырыпты көтеріп жатқан «Qazaqstan» ұлттық арнасына үлкен алғысымызды білдіреміз. Көп-көп рақмет!
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы13 боксшымыз жартылай финалда
06.04.2026, 10:11
Алғаш рет Дания Корольдік театрының гала-концерті өтті
06.04.2026, 10:05
Дрондар шабуылына ұшыраған Усть-Луга портында мұнай қайта тиеле бастады
06.04.2026, 10:04
Германияда ер адамдар шетелге шығу үшін әскери рұқсат алуға міндетті
06.04.2026, 10:03
Трамп электр станциялары мен көпірлерді қирататынын ескертті
06.04.2026, 09:58
Ресейдің Дағыстан Республикасында су тасқынының салдарынан дамбы жарылды
06.04.2026, 09:56