Азаптауға қарсы конвенция талқыланды
Тергеп-тексеру кезіндегі азаптау деректері әлі де тыйылмай отыр. Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияға шағымданушылардың көптігі осыны аңғартады. Бұл мәселе комиссияның кезекті отырысында қаралды. Тергеу кезіндегі азаптауға қарсы конвенция мен басқа да ратификацияланған халықаралық шарттардың талабы сақтала бермейді. Ішкі істер министрлігі кәсіби полиция қалыптастыру бағытында пилоттық жобаларды қолға алып жатыр. Дегенмен, бұл реформалардан әзірге оң нәтиже байқалмай тұр.
Игорь Рогов ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы:
Бірінші кезекте азаптау әрекеттеріне қарсы қатаң бақылау жүргізетін боламыз. Өкінішке орай, тергеп-тексеру кезінде адам құқықтары сақталмай азаматтарды азаптайтын жағдайлар әлі де кездеседі. Халықтан келіп түскен арыз-шағымдардың көптігіне қарағанда ішкі істер органдарындағы реформалар мен өзгерістер толық жүзеге асты деп айта алмаймыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18