400-ге жуық қазақстандық жүк көлігі Польша аумағындағы шекарада тұр
400-ге жуық қазақстандық жүк көлігі Польша аумағынан шыға алмай қалған. 3 күндей шекарада тұрып қалған көліктер Еуропадан азық-түлік, жиһаз, техника жеткізуі тиіс еді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, жол қозғалысының тоқтап тұруына Польшаның ЕуроОдақ елдерінен басқа мемлекеттерге өз аумағы арқылы жүк тасымалдауға тыйым салуы себеп. Алайда, еліміз мұндай шектеудің не үшін жасалғанын әлі білмей отыр. Қазір Литва мемлекетімен келіссөз жүргізіліп, жүк көліктерін осы ел арқылы жеткізу көзделген.
Алтай Әлі, ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары:
Бізде нақты не себепті болғаны белгісіз. Күтпеген жағдай болды. Біз үшін де. Нақты қай күні, қай күнге дейін жалғасатыны да белгісіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90-ға келсе де кітапханадан шықпайтын қария Қарағанды облысында тұрады
10.08.2026, 17:39
Абай мұрасын насихаттаудың жаңа тәсілдері қолға алынбақ
10.08.2026, 17:38
Абай күні Алматыда ауқымды шара өтті
10.08.2026, 17:37
Абай күні: Әр аймақта ұлы ақынды ұлықтады
10.08.2026, 17:33
Алматыда сейсмоорталықтың жаңа ғимараты ашылды
10.08.2026, 17:30
Сеул мен Вашингтон ауқымды әскери жаттығу өткізбекші
10.08.2026, 17:27
Италия ыстықтан зардап шегуде
10.08.2026, 17:25
Каспий теңізіне дизель отыны төгілген
10.08.2026, 17:20