Абай мұрасын насихаттаудың жаңа тәсілдері қолға алынбақ
Абайдың XIX ғасырда қазақ қоғамы туралы айтқан ойлары өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ақынның адам мінезі мен әлеуметтік қарым-қатынас туралы тұжырымдары бүгінгі қоғамды түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойшылдың мұрасын қазіргі ғылымның теориялық негіздері арқылы зерттеуді жалғастыру қажет. Сонымен қатар Абай мұрасын насихаттаудың жаңа тәсілдері қолға алынбақ. Мамандардың сөзінше, хәкімнің шығармашылығын дәріптеу тек дәстүрлі іс-шаралармен шектелмей, цифрлық платформалар мен жаңа технологиялар арқылы да жүргізіледі. Кітапханалар мен мектептерге арналған жобалар аясында оқушыларға Абай еңбектерін мобильді форматта ұсыну жоспарланып отыр.
Шәкір Ыбыраев, Түркология ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Ұлы ақындардың, ұлы тұлғалардың санасы еш уақытта қайталанбайды. Оның ойлаған жолымен ешбір ақын да, жазушы да жүре алмайды. Феномендік құбылыс. Абай сияқты тұлғаларымыз -қазақ әдебиеті тарихында феномендік құбылыс. Енді оның сырына үңілу үшін адам санасының ең бір құпия сырларына үңілуі керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы