Мектепте балтамен үш адамды жарақаттаған баланы тоқтатқан оқушылар марапатталды
Петропавлдағы мектептердің бірінде үш адамды балтамен жарақалаған баланы тоқтатқан екі оқушы марапатталды.
Еске салсақ, оқыс оқиға 13 ақпан күні болған еді. Ауыр жарақат алған екі жасөспірім ауруханада емделіп шықты. Ал күдікті қамауда. «Бірнеше адамды өлтіруге оқталу» дерегі бойынша қозғалған іс тергеліп жатыр. Мектептегі тәртіпті қадағаламаған директордың орынбасары, психолог пен сынып жетекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал мектеп директоры сол күні денсаулығына байланысты жұмысқа шықпаған. Қолына қару ұстаған баланы тоқтатқан 2 оқушыға алғыс хат табыс етілді. Нұрислам Сандыбай мен Алдияр Нұртаев өз құрдастарына шабуылдап жатқан жеткіншекті ұстап, қолындағы балта мен пышақты тартып алған.
Нұрислам Сандыбай, оқушы:
Дәлізде сөйлесіп тұр едік. Маска киген адам жанымнан жүгіріп өтіп, қарама-қарсы келе жатқан қызды ұра бастады. Мен оны тоқтату керектігін түсіндім. Сол сәтте өзімді жарақаттауы мүмкін деген ой да келмепті. Басты мақсатым – шабуылдаған баланы тоқтатып, қызды құтқару еді. Алдияр да бірден көмекке жетті .
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06