Екі айда ел бойынша 25 бала көлік апатынан көз жұмған
Екі айда ел бойынша 25 бала көлік апатынан көз жұмған. 350-ден аса жеткіншек түрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл республикалық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шаралары кезінде анықталды. Мамандардың сөзінше балалардың жол ережесін білмеуі, арнайы белгі қойылмаған тұстан кесіп өтуі қайғылы жағдайларға соқтырады. Нәтижесінде 74 мыңнан астам көлік иесі әкімшілік жазаға тартылды. Олардың ішінде мыңнан аса қоғамдық көлік жүргізушілері де бар. Сондай-ақ, 4 мың шақырымға жуық жол учаскелерінің қауіпті жерлері анықталып, 600-ден астам жол белгісі орнатылды.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Ішкі істер министрі ағарту министрлігіне мектеп бағдарламасында жеке міндетті пән ретінде жол жүрісі қағидалары бойынша сабақтар өткізу туралы ұсыныс жолдады. Яғни біздің ұсыныстарымыз Үкіметпен қабылданды. Және қазірі таңда мүдделі мемлекеттік органдармен тиісті тапсырмалар берілді.
Ламбриан Топузидис
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06