Астанада «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесі өтіп жатыр
Астанада Халықаралық әйелдер күніне орай «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесі өтіп жатыр. Келушілер онда XIX ғасырдағы күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың 70 түрімен таныса алады. Бұдан бөлек, көрмеден белгілі суретшілердің көктем, ұлттық әшекей таққан әйелдер бейнесі мен әртүрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары бейнелейтін туындылары қойылған. Шараның мақсаты - мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайту, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің бастамаларын қолдау. «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесі Бейбітшілік және келісім сарайында 6 наурыздан 27 наурызға дейін жалғасады.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Түркі халықтарының мұрасы бір-біріне ортақ болғандықтан, осындағы зергерлік өнердің барлығы біздің халықтарымызға ортақ мұра. Бүгінгі сурет көрмесінен де соны байқауға болады. Осы суреттерді салған және де бүгінгі көрмені ұйымдастырған суретшілер одағына да ризашылық білдіремін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06