Батыс Қазақстан облысының тұрғындары жаппай қар шығару жұмысына көмектесіп жатыр
Су тасқынының алдын алу үшін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары жаппай қар шығару жұмысына көмектесіп жатыр. Олар арнайы сенбілікте қолына кетпен-күрек алып, қала, аудан, ауыл көшелеріндегі мұзды ойып, қар күреді. Бір күнде облыс аумағында 43 шақырым арық мен 17 шақырым су арнасы тазартылды. Арнайы полигонға 3 мың текше метр қар шығарылды. Игі іске 300-ге жуық техника мен 6 мыңнан астам адам жұмылдырылды.
Дулат Жүсіпқалиев, қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы:
Қаламыздағы соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларымызға барып, аулаларындағы қарын шығарып, қар тазалау акциясына қатысып жатырмыз. Біздің орталығымызда байланыс нөміріміз бар, сол арқылы да және 109 байланыс нөмірі арқылы да шығып, еріктілерді, жастарды сұрап жатады. Оған жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қолдау білдіріп жүр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06