Ылғалды көп қажет ететін алқаптар қысқартылмақ
Биыл ылғалды көп қажет ететін алқаптар қысқартылмақ. Оған мақсары, соя және қыша тәрізді майлы дақылдар кіреді. Бұл туралы көктемгі егіс науқанына дайындық туралы баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері айтты. Олардың пайымынша бұл нарыққа қажетті өнімдерді алуға еш әсер етпейді. Есесіне көкөніс, бақша және картоп бойынша егіс алқаптары 11 мың га-ға ұлғайтылады. Биыл еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшерден тыс көп түскендіктен күзгі жиын-терім ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді деген болжам бар. Бұдан бөлек, былтырдан қалған 330 мың тонна мақта өніміне сұраныс аз болғандықтан, оның да биыл көлемін қысқарту көзделуде.
Әбілқайыр Тамабек, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Қазіргі таңда Түркістан облысында мақта алқаптарының белгілі бір бөлігін жүгері алқаптарына ауыстыру туралы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жерге потенциалды инвесторлар тартылды. Қазіргі таңда крахмал зауытын орналастыру, 25-30 мың га алқапты жүгері алқаптарына ауыстырсақ деген ниетіміз бар. Жалпы соған келуіміз керек. Себебі ауыспалы егістік сақтаған кезде ғана өнім жоғары береді.
Ламбриан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06