ШҚО-да мектеп есепшісі бюджет қаржысын құмар ойынға салып жіберген
Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында мектеп есепшісі 12 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған. Ол ақшаны өзінің банк картасына және туыстарының шотына үздіксіз аударып отырған. Ұраланған қаржыны негізіген құмар ойындары мен несиесін жабуға жұмсаған. Сот тыңдауы кезінде ол мектепке бөлінген қаражатты 2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың шілдесіне дейін ұрлап келгенін мойындады. Айыпталушының кінәсі сот-экономикалық сараптаманың қорытындысы және куәгерлердің сөздерімен толық дәлелденді. Бухгалтерге 3,5 жыл бас бостандығын шектеу жөнінде сот үкімі шықты. Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17