ШҚО-да 500 мыңға жуық сайлаушы өз таңдауын жасайды
Шығыс Қазақстан облысында бүгін 500 мыңға жуық сайлаушы өз таңдауын жасайды. Ол үшін аймақта 533 сайлау учаскесі құрылды. Өскемендегі сондай дауыс беру орнынан әріптесім Олжас Керейхан тікелей байланысқа шықты. Олжас эфирдесіз.
Олжас Керейхан, тілші:
Рахмет, Дархан. Ия, облыстағы сайлау учаскелері ашылған бойда халық біртіндеп келіп өз таңдауын жасап жатыр. Дәл біз жүрген №46 орта мектепте 95 және 97 сайлау уческелері орналасқан. Саяси дода жайлы №95 учаскенің төрағасы Гүлфарида Базарбайқызының бір ауыз пікірін белсек?
Гүлфарида Ауғанбаева, №95 сайлау учаскесінің төрағасы:
Иә. Биыл енді бір дауыс берушінің қолынан бір емес, бес бюллетень беріледі. Оның үстіне осы 19-шы ықшам ауданда сайлаушылар қатары өте көп. Өздері белсенді. Сондықтан бұрынғыдай үш емес, бес кабинка жабдықтадық. Бұдан бөлек, мүгедек адамдарға арнап екі кабинка дайындап қойдық. Оған қоса бізде қырық адам алғаш рет дауыс берді.
Олжас Керейхан, тілші:
Аймақта уақытынан бұрын дауыс беру аяқталатын 9 сайлау учаскесі бар. Олар әскери бөлімдер мен адам саны аз шалғай ауылдарда орналасқан. Саяси доданың шығыстағы әзірге аяқ алысы осындай. Ал батыста қалай болып жатқанын сол өңірдегі әріптесім Ардаұ Мұратқызынан білейік. Ардақ сөз өзіңде?
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15