Дауыс беру белсенділігі бойынша Павлодар көш бастап тұр
Дауыс беру белсенділігі бойынша алдыңғы орындардағы аймақтардың бірі Павлодар. Облыстағы тұрғындар саны 755 мыңға жуықтайды. Солардың 512 200-і таңдау жасау құқығына ие. Қазір бізбен аймақтағы тілшіміз Болат Аманбаев тікелей байланысқа шықты.
Болат Аманбаев, тілші:
Қайырлы күн Гүлнәз! Павлодарда 523 дауыс беру учаскелері жұмыс істеп тұр. Соңғы мәлімет бойынша дәл қазіргі уақытта тұрғындардың 60 пайызы өз таңдауларын жасаған. Бір қызығы түске дейін ауыл тұрғындарының белсенділігі байқалса, түс ауа сайлау учаскелеріне қала тұрғындары көптеп келіп жатыр. Павлодар өндірісті өңір. Сондықтан бүгінгі демалысқа қарамастан көптеген кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр. Бірақ дауыс беруге қолайлы болуы үшін ауысым кестесін өзгерткен. Яғни, әрбір адамға өз таңдауын жасауға мүмкіндік беріліп отыр. Гүлназ, сөз өзіңізде.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01