21 жасқа толмаған жастарға микронесие алу қиындайды
21 жасқа толмаған жастарға микронесие беруге тыйым салынбақ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы арқылы оң-солын енді таныған қыз-жігіттерді пайызы көп несиеден қорғауды көздеп отыр. Десе де қаулы күшіне енген жоқ. Әзірге ашық талқылауға шығарылған. Шағын несие беру жасын 18-ден 21-ге көтеруді бұған дейін жастар ұйымдары да ұсынған еді. Өйткені қарыз алып, оны құмар ойынға немесе қаржы пирамидаларына жұмсайтындар көбейгені айтылған. Оның үстіне несие көлемі шамадан тыс артып барады. Десе де микроқаржы ұйымдары бұдан пайда жоқ деп отыр.
Ербол Омарханов, микроқаржылық ұйымдар қауымдастығының директоры:
Несиелеу жасын ұлғайтпай, құмар ойын ойнайтын жерлерді жауып, қаржы пирамидаларын түбегейлі жою керек. Сонда салдарымен күреспей, мәселеден толықтай арыламыз. Ал несие көлемінің артуына келсек, меніңше бұл мәселені халықтың қаржылық сауатын арттыру арқылы кешенді түрде шешу керек.
Досдан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05