Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
Алматы облысында Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысы пысықталды. Өңірге жұмыс сапарымен келген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов жауапты тұлғалармен кеңес өткізіп, бірқатар сайлау учаскесінің әзірлігін тексерді.
Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бір миллионнан аса дауыс беруші тіркелген. Сайлау науқанына 5 мыңға жуық комиссия мүшесі жұмылдырылады. Қазір олардың кәсіби даярлығына ерекше көңіл бөлініп, арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылып жатыр
Мейрамгүл Айтова, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
Алматы облысы сайлау комиссиясы тарапынан мемлекеттік басқару академиясымен Алматы облысындағы филиалымен бірлесе біз аудандағы сайлау комисияларының үштігіне, яғни төраға, төраға орынбасарының, хатшыларының семинар жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Барлығы 2049 адам оқытылады. Оқыту жұмыстары мұнымен шектелмей ары қарай төраға, орынбасары, хатшылар өздерінің комиссия мүшелерін толық оқытады.
Жұмыс сапары барысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы облыстық мемлекеттік органдар мен аумақтық сайлау комиссияларының өкілдерімен кездесіп, сайлауды ұйымдастырудың құқықтық талаптары мен дайындық барысын талқылады. Сондай-ақ азаматтардың дауыс беру құқығын толық қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.
Шавкат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:
Елде болмайтынын білетін болса әрбір азамат 7 тамыздан бастап учаскелік комиссияға барып, жазбаша түрде арызын беріп, есептен шығару куәлігін алады. Сол куәлікпен 23 тамыз күні қай жерде болады сол жерге барып, дауыс бере алады.
7 тамыздан бастап Алматы облысында 12 call-орталық жұмысын бастайды. Тұрғындар осы орталықтар арқылы өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін анықтай алады. Ал тіркеуде жоқ азаматтар тұрғылықты жеріндегі сайлау учаскесіне жүгініп, уақытша тіркелу арқылы дауыс беру мүмкіндігіне ие болады. Еске салайық, Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамыз күні өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы