Басты Жаңалықтар «Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр

«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр

«Болашақ ойындары» басталғаннан бері 800-ден аса волонтер қызмет етіп жатыр. Олар спорттық жарыстар өтіп жатқан 4 спорт кешенінде және одан тыс аймақтарда да спортшылар мен қала қонақтарына және жанкүйерлерге көмек көрсетіп жүр. Сол волонтерлермен тілшіміз танысып қайтты.

Алу Астана медициналық университетінде 4 курс студенті. Болашақ педиатор. Жазғы демалыс уақытында алғаш рет волонтер ретінде қоғамдық жұмысқа араласып жүр. Бірақ, оның волонтерлік бағыты болашақ мамандығымен ұшстасып жатыр.

Алуа Садритен, волонтер:

Бұл іс-шарада мен медициналық волонтер болып жұмыс атқарамын. Менің негізгі қызметім шетелдік спортшымен спорт дәрігері арасындағы байланысты орнату. Керек жағдайда аударма жасау, ағылшын тілінде және шұғыл жағдайда спортшыны ауруханаға апарып, оны қолдау.

«Болашақ ойындарында» Алу сияқты 800-ден аса волонтер бар. Олар сәуір айынан бастап қабьылданып, үш кезеңнен тұратын оқу-даярлықтан өткен. Қазір волонтерлер үш ауысыммен жұмыс істеп жүр. Спортшыларды әуежайдан күтіп алып, қонақүйге орналастырып, жарыс барысында да көрермендерге көмек көрсетіп, бағыт-бағдар сілтейді.

Әсем Жайшылық, «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирінің волонтерлермен жұмыс бөлімінің басшысы:

Бізде тек ғана жергілікті студент оқушылар ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келгендер бар. Сондай-ақ, өзге елдерден, Ресейден, қытайдан келген еріктілеріміз де бар.

Бұл жарыстың басы-қасында жүрген волонтердің ең жасы 14-те. Тіпті, 73 жастағы қариялар да бар. Мұның өзі елімізде волонтерлік қозғалыстың ауқымы мен қарқыны артып келе жатқанын айғақтайды.


Бөлісу