Серік Күдебаев Түркияда ұсталды
Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ұсталып, Түркиядан Қазақстанға жеткізілді. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растап отыр. Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын. Бұрынғы басшының ел аумағынан тысқары бой тасалағанын шекара қызметі 27 наурызда бір-ақ анықтаған еді. 3 сәуірде күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қашып кету фактісіне орай қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, сот талқылауы барысында прокурор судьядан оған 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда бір топ адам баспаналы болды
06.08.2026, 13:27
Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесі сотталды
06.08.2026, 13:21
БҚО-да 232 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
06.08.2026, 13:18
Шымкентте үштегі бала терезеден құлап, мерт болды
06.08.2026, 13:15
Чилиде алапат су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр
06.08.2026, 13:12
Қытай аумағына кіріп-шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 13:09
Жамбыл облысында 7 жаңа сайлау учаскесі ашылды
06.08.2026, 13:06
Сайлау учаскелерінің дайындығы тексеріле бастады
06.08.2026, 13:03