Павлодар іргесіндегі 6 гектар жер өрттеніп кетті
Айналасы 1,5 сағат ішінде Павлодардың іргесіндегі 6 гектар жер өрттеніп кетті. Бастапқыда былтырдан қалған шөп жанып, сәлден соң тілсіз жау «Яблонька» саяжай аумағына кірген. Қатты желдің салдарынан жалын шашырай тарап, 106 саяжай учаскесін күйдіріп жіберді. Өртті сөндіруге 10-ға тарта арнайы көлік, 30-дан аса адам жұмылды. Соңғы күндері аймақта өрт жиілеп кетті. Әсіресе дала өрті дес бермей тұр. Кеше түнде Ақсу қаласына қарасты Сынтас ауылдық округінде төрт бірдей жерден өрт шығып, Ертіс алқабындағы 47 гектарға жуық жер жанып кеткен.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01