Петропавлда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ
Петропавлда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ. Бұл шара 7 мамыр күні болған ірі өрт салдарын жою мақсатында қабылданып отыр. Өрттің шығу себебі анықталуда. Естеріңізге сала кетсек, Береке ықшам ауданында қамыс өртеніп, алапат өрт жеке сектордағы тұрғын үйлерге ауыз салған. Салдарынан 9 үй, 3 автобус пен кәсіпорын гаражы толығымен жанып кетті. Тағы 2 баспана жартылай өртенді. 46 адам эвакуацияланды. Абырой болғанда адамдар аман. Қызыл жалыннан жапа шегушілердің басым бөлігі қалалық әкімдік уақытша жалдаған пәтерлерге жайғасқан. Қала тұрғындары оларға жәрдем беру мақсатында гуманитарлық көмек жинауды бастап кетті.
Әділбек Әубәкіров, қала әкімінің орынбасары:
Қылмыстық іс тергелуде. Арнайы құрылған комиссия шығын көлемін есептейді. Нәтижесі бойынша жапа шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсетіледі. Жанып кеткен үйлер ғана емес, техника, қора-қопсы, бәрі есепке алынады. Ол қаражатқа тұрғындар өздері үй сатып алады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейдегі қазақ жауынгерлерінің сүйегі Қазақстанға тапсырылды
09.12.2025, 13:28
Қостанайда ҚХА І республикалық студенттік форумы өтіп жатыр
09.12.2025, 13:26
Астанада «Құндылық. Тұлға. Болашақ» атты педагогтар форумы өтуде
09.12.2025, 13:24
Түркістан облысында 219 мың га жер мемлекетке қайтарылды
09.12.2025, 13:21
Түркістан облысындағы дәрігер 115 млн теңге жымқырған
09.12.2025, 13:18
ШҚО-да биыл жол апатынан 180 адам көз жұмған
09.12.2025, 13:15
Нью-Дели әуежайында жолаушылар жүктерін таппай жатыр
09.12.2025, 13:12
Лувр музейінің қызметкерлері ереуілге шықпақшы
09.12.2025, 13:09