Павлодар облысында екі күнде 100-ге жуық қойды қырып кеткен
Павлодар облысы, Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылында белгісіз жыртқыш 50-ден астам қойды жарып кеткен. Оқиға кеше түнде болған. Мал иесінің айтуынша, бұл жағдай екінші мәрте қайталанып отыр. Бір апта бұрын ғана 40-қа тарта қойдан айырылған.
Қамидолда Қойтанұлы, Үштерек ауылының тұрғыны:
Түнгі сағат 12-де барып байқағанмын, бәрі аман болатын. Одан кейін көзім ілініп кетті. Ояна келсем 4 екен. Шығып араласам талқандап баяғыда кетіп қалыпты.
Ауыл тұрғындары үреймен отыр. Себебі күндіз бірлі-жарым қаңғыған ит болмаса, бұл төңірекке қасқыр беттей қоймайтын. Ал, мына белгісіз жыртқыштар қырдағы малға емес, қотандағы қамаулы түлікке тура шабады дейді. Өлген малдан сынама алынып, сараптамаға жіберілді.
Мират Тиқанов, Ақсу қалалық ветеринарлық қызметінің басшысы:
Мынау нақты қаңғыбас иттер ме, немесе келген қасқыр ма, біз ол жағын білмейміз. Қазір кісілермен учаскелік полициямен анықтап, сосын айта аламыз.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01