Петропавлда 15 мың көлік иесі салық төлемей жүр
5 жыл бойы көлік салығын төлемеген Петропавл тұрғынының қарызы 3 млн теңгеден асты.
Жалпы өңірде 90 мың темір тұлпар иесі бар. Ал соның 15 мыңы міндетті салық төлемін өтеуден жалтарып жүр. Берешектің жалпы сомасы 411 млн теңгеге жетті. Мамандардың айтуынша, 26 мамырдан кейін қарыз мәжбүрлі түрде өндіріле бастайды. Сот орындаушылары салық төлеушінің мүлкіне тыйм салуға, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын уақытша тоқтатуға, тіпті ел аумағынан шығуға тыйым салуға құқылы.
Сұңғат Қоспаев, СҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:
Егер қарыз сомасы 40 АЕК-тен асса борышкер республика аумағынан шыға алмайды. Қарыз өтелгеннен кейін көлік иесі сот орындаушысына атқарған жұмысы үшін өндірілген соманың үстінен тағы 25 пайыз төлеуге міндеттеледі.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18