Петропавлда жанып кеткен үйлерді бағалау жұмыстары басталды
Петропавлда жанып кеткен үйлерді бағалау жұмыстары басталды.
Естеріңізге сала кетсек, 7 мамыр күні Береке ықшам ауданында қамыс тұтанып, алапат өртке ұласқан еді. Салдарынан 9 баспана толықтай, екеуі жартылай жанып кетті. Тұрғындар жылжымайтын мүліктің құжаттарын қалпына келтіруге өтінім бере бастады. Ал өздері қалалық әкімдік уақытша жалдап берген пәтерлерде тұрып жатыр. Жанып кеткен мүлікті бағалау үшін тиісті сараптама тағайындалды. Соған сәйкес жапа шегушілерге өтемақы беріледі. Қалада мамырдың 11-і күні жарияланған техногендік сипаттағы төтенше жағдай мәселе толық шешімін тапқаннан кейін ғана алынады.
Руслан Аңбаев, Петропавл қаласының әкімі:
Өрттен келген шығынды бағалау бойынша екі есеп жасалады. Біріншіден, үйлердің құны есептеледі, екіншіден тұрмыстық техника, жиһаз сынды тағы басқа мүлік. Мәселе нақты шешілген жоқ, дегенмен тұрғындар өздері үй сатып алу үшін қаржылай өтемақы берілгені дұрыс деп ойлаймын. Әкімдік тарапынан төленген ақша жетпеген жағдайда демеушілердің көмегіне жүгінеміз. Қазірдің өзінде қолдау көрсетуге дайын компаниялар бар.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18