Елдегі күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылады
Азаптау әдістерін қолданғаны үшін күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылады. Олар 88 азаматқа тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданған. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді. Ведомство полиция ғимараттары мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемелерін тексеріп, бейнекамералармен қамтылмаған 5800-ден астам учаске мен үй-жайды анықтады. 900 камера жұмыс істемеген. Прокуратураның ұсынысы бойынша, аймақтарды бақылау үшін қосымша 3783 бейнекамера орнатылды. Ғимараттарды толық жабдықтауды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ішкі істер министрлігіне психологиялық тестілеу арқылы азаптауды қолдануға бейім қызметкерлерді алдын ала анықтау ұсынылды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05