Қарағандыда өртенген шатыр бюджет есебінен жөнделеді
Қарағандыда шатыры өртеніп кеткен үйдің тұрғындарына жергілікті билік көмектеседі. Тілсіз жаудан түгі қалмай жанған төбені қалыпқа келтіру үшін кемі 40 миллион теңге қаражат қажет. Ал мұндай қомақты ақшаны бес қабатты үйдің 60 пәтері түгел қосылса да жинауға қауқарсыз. Себебі тұрғындардың дені зейнеткерлер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Олар амалсыз әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұраған. Мәселеге облыс басшылығы араласып, ақыры шатырды жөндеу жергілікті билікке жүктелді. Мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05