Жамбылда бір ауыл карантинге жабылды: 4 адамнан сібір жарасы анықталды
Жамбыл облысында сібір жарасын жұқтырған үш адамның отбасы түгел тексеріліп жатыр. Ал ауру ошағы анықталған Талас ауданындағы Тамды ауылы 15 күндік карантинге жабылды.
Науқастар аудандық ауруханада жатыр. «Жағдайлары қалыпты, бір аптада жазылып шығады», - дейді дәрігерлер. Олар сібір жарасын сиыр сойған кезде жұқтырған. Ірі қараның еті пеште өртелген. Мал сойған аула толық залалсыздандырылды. Ауру ошағы анықталған үйлерден барлығы 21 сынама алынған. Сондай-ақ індет Жуалы ауданы, Көлтоған ауылының 46 жастағы тұрғынынан да анықталып отыр. Алайда оның ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз.
Нұржас Құрмантаев, Облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
Бір ғана ауылдың төңірегінде болып отырған оқиға. Даурығатындай ештеңе жоқ. Бізде облысымызда 100 жылдан бері сақталып келе жатқан сібір жарасының ошағы бар. Олардың бәрі тұрақты, күнделікті қадағалануда. Жылына 2 рет сынамалар алынып, зертханаға өткізіледі.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18