Жамбылда 400 гектарға жуық жер иелеріне қайтарылды
Жамбыл облысында 5 жыл бойы жеріне жете алмай жүрген дихандар алқап басына қайта баратын болды. 400 гектарға жуық жайылым мен егістігінен айырылған 106 үлескердің жері өздеріне қайтарылды. Байзақ ауданы әкімдігі жердің құжатын басқа біреуге заңсыз рәсімдеп, 37 жылға жалға берген. Алайда бір ұжымға біріккен Үлгілі ауылының шаруалары жердің өзгеге өткенінен бейхабар. Сөйтіп бұрынғыша пайларын алып келген. Тек биыл көктемде субсидия алуға жердің құжатын жинағанда бір-ақ біледі. Кейін прокурорлар араласып, кәсіпкердің кооперативке қатысы жоғын анықтайды.
Жандарбек Сұлтанбекұлы, Байзақ ауданының прокуроры:
Іс сотқа жеткен жоқ. Яғни, біз талдау нәтижесімен бұны анықтап, өзіміз заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыным енгізіп, соның нәтижесінде жерді алған азаматшаға түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы заңсыз екендігі туралы айттық. Сонымен 106-дай үлескерлеріне жер қайтты. Олардың құқықтары қорғалды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18