Шымкентте қаржы пирамидасы жұртты 83 миллион теңгеге алдаған
Шымкентте қаржы пирамидасы жұртты 83 миллион теңгеге алдаған. Қаржы мониторингі агеттігінің хабарлауынша Chia Tai деп аталған компания елімізде былтыр жаздан бері жұмыс істеген. Бірақ заңды тұлға ретінде тіркелмеген. Аңғал жұрттан фармацевтикалық компанияның құрылысына және дәрі-дәрмек өндірісіне деп инвестиция ретінде ақша жинаған. Алайда ақша да дивидент те жоқ. Қазір қаржы пирамидасын құрғандар қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Айта кетейін, былтыр азаматтардан жалпы көлемі 8 миллиард теңге жинаған 29 қаржы пирамидасы жойылған еді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05