Жамбылдық еріктілер: Волонтерлық жасқа қарамайды
«Волонтерлық жасқа қарамайды». Осылай деген Жамбыл өңірінің жастары Астанада өтетін форумда еріктілердің жасына шектеу қоймау мәселесін көтермек.
Маусымның 20, 21-і күндері белсенді волонтерлар Астанадағы халықаралық форумға қатысады. Әлемнің 30-дан аса елінен өкілдер келетін шараға аймақ атынан 4 ерікті бара жатыр. Олар бұл шараға қатысу үшін 70-тен аса адам бақ сынаған арнайы конкурстан өткен. Бүгінде облыстағы еріктілер саны 12 мыңнан асады. Олар әлеуметтік аз қамтылған топтарға көмектесіп, оқыс оқиғалар кезінде қызу жұмыстың ортасынан табылып келеді.
Бауыржан Жұмат, «Жамбыл облысы еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорының президенті:
Осы форумда негізгі қозғайтын мәселелеріміз бүгінде басқа мемлекеттерде волонтерлықпен егде жастағылар, зейнеткерлер, балалар да айналыса береді. Бірақ біздің Қазақстанда «жастар ғана айналысу керек» деген ұғым бар. Сол ұғымды жойып, әлемнің 34 мемлекетінен келетін еріктілермен пікір алмасып, соны Қазақстанға енгізу.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы13 боксшымыз жартылай финалда
06.04.2026, 10:11
Алғаш рет Дания Корольдік театрының гала-концерті өтті
06.04.2026, 10:05
Дрондар шабуылына ұшыраған Усть-Луга портында мұнай қайта тиеле бастады
06.04.2026, 10:04
Германияда ер адамдар шетелге шығу үшін әскери рұқсат алуға міндетті
06.04.2026, 10:03
Трамп электр станциялары мен көпірлерді қирататынын ескертті
06.04.2026, 09:58
Ресейдің Дағыстан Республикасында су тасқынының салдарынан дамбы жарылды
06.04.2026, 09:56