Батыс Қазақстанда банк филиалынан 120 млн теңге ұрланды
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында банк филиалынан жалпы сомасы 120 млн теңге ұрланып кеткен. Бұл туралы полиция басқармасына банктің аға менеджері хабарлаған. Ревизия барысында 67 млн теңге, 34 500 евро және 80 000 АҚШ долларының қолды болғаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, бір күдікті қамауға алынды.
Лунара Аманғалиева облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметкері:
Қазіргі уақытта ақшаны жымқыру дерегімен екі адам күдікке ілінді. Оның біреуі ҚР Қылмыстық процессуалды кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05