Петропавлда спорт мектептерінің басшылары бірнеше жұмысшыға заңсыз еңбекақы төлеп келген
Петропавлда балалар мен жасөспірімге арналған «Олимп» және «Дельфин» спорт мектептерінің басшылары бірнеше адамды жұмысқа алып, заңсыз еңбекақы төлеп келген.
Бұл дерек прокурорлық тексеріс кезінде белгілі болды. Сонымен қатар аталған нысандарда балалар киім ауыстыратын бөлмелер және кейбір спорттық құрал-жабдықтар жоқ болып шықты. Тексерістен кейін бюджетке 6,8 млн теңге қайтарылып, 14 адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Сергей Мелеховке сөгіс жарияланды. Негізсіз еңбекақы төлеу, жұмысқа жалған құжатпен орналастыру деректері бойынша жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
Қазбек Ғалымжан, қалалық прокуратураның прокуроры:
Медициналық анықтамада дәрігерлердің қолтаңбасын қолдан жасау деректері де анықталды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05
Мұнай бағасы құбылып тұр
05.08.2026, 20:05
Қазақстандықтардың 89,4%-ы Құрылтай сайлауынан хабардар
05.08.2026, 20:03
Еліміздің 17 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды
05.08.2026, 20:03
Елімізде талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды
05.08.2026, 20:01
Өзбекстанмен сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізу көзделген
05.08.2026, 20:00
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
05.08.2026, 20:00