Елімізде талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды
Елімізде телекоммуникация саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Каспий теңізінің түбі арқылы тартылатын Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салудың негізгі кезеңі аяқталды.
Ақтау – Сумгайыт бағыты бойынша өтетін жаңа маршрут Қазақстан мен Әзербайжанның цифрлық инфрақұрылымын біріктіріп, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді жоғары жылдамдықпен тікелей жеткізетін дәлізге айналады. Жоба халықаралық байланысты бекемдеп, екі елдің транзиттік әлеуетін арттырады. Қазақстан тарапы жобаны жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік, ұйымдастырушылық және кедендік рәсімдердің орындалуын қамтамасыз еткен. Соның нәтижесінде құрылыс жұмыстары еш кідіріссіз жедел басталды. Ал суасты кабелі биыл шілде айында тартылды. Құрылыс тәулік бойы, су сыйымдылығы 20 мың тоннадан асатын мамандандырылған кеменің көмегімен жүргізілген. Жобаны іске асыруға 70 маман тартылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы