Солтүстік Қазақстанда мектептердің басым бөлігі инклюзивті білім беру талаптарына сай келмейді
Солтүстік Қазақстандағы мектептердің басым бөлігі инклюзивті білім беру талаптарына сай келмейді.
Мемлекеттік аттестаттау науқаны оқу-ағарту нысандарында қандай проблемалар барын көрсетті. Педагогтердің біліктілік талаптары да өзекті мәселе болып отыр. Кей мұғалімдердің білімі оқытатын пәніне сәйкес келмейді. Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мәліметінше білім беру сапасының төмендігі, ұстаздардың аттестаттаудан өту мерзімдері сақталмағаны, мектеп асханаларының санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы сынды деректер анықталды. Осылайша бірінші жартыжылдықта мемлекеттік аттестаттауға қатысқан 30 мектептің 17-сі өте алмады. Аталған білім беру ұйымдарында анықталған олқылықтар қаншалықты жойылғанын бағалау мақсатында белгілі бір мерзімнен кейін қайта қорытынды жасалады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07
Қызмет көрсету саласының халықаралық нарыққа шығуы жеңілдеді
16.09.2026, 20:06
Кореямен серіктестік: Экономика мен технологияның жаңа кезеңі
16.09.2026, 20:05
Мемлекет басшысы Кореядағы қазақ этноауылына барды
16.09.2026, 20:05
Алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті
16.09.2026, 20:04
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 20:03
Еуропада жанармай қымбаттап, инфляция күшейді
16.09.2026, 20:02