Қазақстан инвестиция тартудан посткеңестік елдер арасында бірінші орынға шықты
Қазақстан инвестиция тартудан посткеңестік елдер арасында бірінші орынға шықты. Былтыр елімізге құйылған қаржы көлемі бірден 83 процентке артқан. Сарапшылар әлемдік геосаяси ахуалды өз мүддемізге пайдаланып, инвестиция көлемін арттыра беру қажет деп отыр. Ал Үкіметтің жоспары қандай?
2020-2021 жылдары коронавирус өршіп, пандемия қыспаққа алғанда әлемдік экономика кері кетті. Өйткені сауда тоқтады, инвестиция азайып, өндіріс орындары жабылды. Десе де еліміз небары бір жылда экономикалық өсімді қалпына келтіріп, инвестиция көлемін арттырып үлгерді.
Мәліметтерге сай былтыр Қазақстанға шетелдің қалталы кәсіпкерлері 6 миллиард 100 миллион доллар құйған. 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 83 процент. Бұл – соңғы 5 жылдағы рекорд.
Бекжан Садықов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшысы:
Инвесторларды Қазақстанның географиялық орналасуы қызықтырады. Шығыс пен батысты, оңтүстік пен солтүстікті байланыстыратын елімізде кәсіп жүргізу тиімді. Десе де, ең басты фактор ол – кез келген геосаяси мәселеде Қазақстанның бейтарап ұстанымда болуы. Оның үстіне еліміздегі саяси тұрақтылық бизнеспен байланысты түрлі қауіптің алдын алып отыр.
Әрине, бизнесін жүргізу үшін халықаралық компанияларға керегі – қолайлы орта мен тұрақтылық. Сондықтан сарапшылар жаһандық геосаяси жағдайды барынша өз мүддемізге пайдалануымыз керек деп санайды. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп те жатыр. Мәселен, былтырдан бері Ресейден 31 шетелдік компания Қазақстанға қоныс аударды. Тағы 70-і жақында көшеді.
Тіпті, еліміздің қаржы тартудағы мұндай жетістігі жақында БҰҰ ірі конференцияда сөз болды. Баяндамадағы мәліметке сай, Қазақстан посткеңестік елдер арасында бірінші орынға шыққан. Екінші орында Өзбекстан, кейін Литва, Грузия мемлекеттері. Ал Әзербайжан мен Ресейде инвестиция керісінше азайып отыр.
Ал Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша биыл инвестиция көлемі тағы арта түспек. Ол үшін шетелдік кәсіпкерлерге жеңілдіктер жасалып, қолдау көрсетіледі береді.
Абзал Әбдікәрімов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Биылдың өзінде 4 келісімшарт жасалды. Құны 40 млрд АҚШ долларынан астам. Одан бөлек, алдағы 5 жылға арналған инвестициялық саясатты дамыту бойынша тұжырымдама бекіттік. Бұл тұжырымдама ең алдымен инвест климатты жақсартуға, оның ішінде шикізаттық емес салаларды дамытуға бағытталған.
Досжан Маратұлы, тілші:
Әрі Үкімет 800-ден астам инвестициялық жобаның тізімін жасаған. Оның 300-ге жуығы биыл іске асады деп жоспарланып отыр. Вице-министрдің айтуынша бұл елімізде қосымша 32 мың жаңа жұмыс орынын ашып, халықтың табысын арттыруға сеп болмақ.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп пен Зеленский төртінші рет кездесті
29.12.2025, 20:58
Биыл 240 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні меңгерді
29.12.2025, 20:54
Елордада пәтерге тіркеу тәртібі өзгереді
29.12.2025, 20:54
Ертең қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдаудың соңғы күні
29.12.2025, 20:53
Бестерек оқиғасы: Сот отырысы уақытша тоқтатылды
29.12.2025, 20:53
Шымкенттегі мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылды
29.12.2025, 20:48
Биыл Мәжілісте 100 заң қабылданды
29.12.2025, 20:47
Президент бір жылда 19 елге сапар жасады
29.12.2025, 20:44