Алматыда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді
Алматы қаласында тағы бір қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді. Сотқа дейінгі тергеу басталған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «Sincere System Group» компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6-8 пайызға дейін немесе жылына 70 пайыздан астам табысқа ие боласыңдар деп уәде берген.
Депозиттің ең төменгі сомасы – 100 доллар. Сондай-ақ өзге салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5 пайызы көлемінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған. Десе де, компания клиенттердің ақшасын алғанын растайтын ешқандай құжат ұсынбай әрі келісімшартқа да отырмаған. Салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana Open: Теннисшілеріміз сәтті өнер көрсетуде
05.08.2026, 13:25
Қарағандыда ауласын ертегіге айналдырған шебер тұрады
05.08.2026, 13:22
Қайтарылған активтер есебінен су құбыры тартылады
05.08.2026, 13:17
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай сайлауына дайын
05.08.2026, 13:15
Жол апатының 91%-ы ережені елемеуден болады
05.08.2026, 13:12
Алматыда жүк көліктері қатаң тексеріле бастады
05.08.2026, 13:10
Абай облысы Құрылтай сайлауына дайындалуда
05.08.2026, 13:07
ДДСҰ: Эбола вирусымен күресуге қолдау қажет
05.08.2026, 13:05