Абай облысы Құрылтай сайлауына дайындалуда
Абай облысында Құрылтай сайлауына дайындық қарқын алды. Әсіресе сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға мән берілуде. Бүгін өңірге келген Орталық сайлау комиссиясының өкілдері саяси науқанға дайындықты пысықтады. Мамандар сайлау инфрақұрылымының әзірлігін, учаскелердің техникалық жабдықталуын және инклюзивті орта талаптарының орындалуын тексерді. Сонымен қатар комиссия мүшелерінің сайлау заңнамасын, оның ішінде соңғы өзгерістерге қатысты біліктіліктерін тексерді.
Абай облыс аумағында барлығы 464 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның 429-ы тұрақты, 35-і уақытша. Биыл заңнамадағы өзгерістерге сәйкес ірі өндіріс орындарындағы жұмыс процесін тоқтатпас үшін қосымша сайлау учаскелері құрылады.
Азамат Айманқұлов, ОСК мүшесі:
Азаматтардың уақытша болу орындарында құрылатын учаскелердің, оның ішінде өндіріс, яғни үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орындарында және вахталық әдіспен жұмыс істейтін өндірістерде учаскелер құрылды. Мұндай учаскелер бізде Қарағанды, Ақмола, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және осы Абай облысында да бар.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06