Қайтарылған активтер есебінен су құбыры тартылады
Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен бөлінген 5 млрд теңгеге су құбыры тартылады.
Жоба аясында 20 артезиан ұңғымасы бұрғыланып, топтық су құбыры салынады деп жоспарланған. Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін тәулігіне 70 мың текше метрге дейін ауыз су беріледі. Нәтижесінде Ақтөбе қаласы мен Алға және Мұғалжар аудандарында мәселе шешімін табады. Мамандар болжамынша су қоры өңірді алдағы 30 жыл бойы қамтамасыз етуге жетеді. Соңғы екі жылда Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Үкімет жалпы құны 610 млрд теңге болатын 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Олардың басым бөлігі пайдалануға берілді. Оның ішінде 267 жоба су инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Арысұлан Айтбаев, Эенергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Сарыбұлақ жобасы бойынша барлық қажетті құжаттар дайындалып, сараптама оң қорытындысы алынды. Жобаны іске асыруға Арнайы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді, бүгінгі таңда. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы