Әскерге бармаған азаматтарға әскери билет онлайн форматта беріледі
Әскерге бармаған азаматтарға әскери билет онлайн форматта беріледі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді. Оның айтуынша, мерзімді әскери міндетін өткермеген азаматтың жеке кабинетінде оның әскери билеті электрондық нұсқада көрсетіледі. Қазір бұл ұсынысты іске асыру үшін заңнамаға тиісті өзгеріс енгізу жұмыстары қолға алынған.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Мерзімді әскери міндетін өтемеген азаматтар әскери билетті комиссариатқа барып алудан босатылады. Олар қағаз күйінде емес, цифрлық нұсқада ұсынылады. Бұл бюджет қаражатын үнемдейді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Мысалы, қазір әскерге бармағандар комиссариатқа келіп, әскери билетін алып кетеді. Ал билет жоғалса оларға айыппұл салынады. Сондықтан біз аталған процестердің барлығын алып тастаймыз.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana Open: Теннисшілеріміз сәтті өнер көрсетуде
05.08.2026, 13:25
Қарағандыда ауласын ертекке айналдырған шебер тұрады
05.08.2026, 13:22
Қайтарылған активтер есебінен су құбыры тартылады
05.08.2026, 13:17
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай сайлауына дайын
05.08.2026, 13:15
Жол апатының 91%-ы ережені елемеуден болады
05.08.2026, 13:12
Алматыда жүк көліктерін қатаң тексере бастады
05.08.2026, 13:10
Абай облысы Құрылтай сайлауына дайындалуда
05.08.2026, 13:07
ДДСҰ: Эбола вирусымен күресуге қолдау қажет
05.08.2026, 13:05