«Saulyq Life» деген атаумен телеграм-бот іске қосылды
«Saulyq Life» деген атаумен телеграм-бот іске қосылды. Кез келген жасөспірім өзін толғандырған сұрақты қойып, мамандардан кеңес ала алады. Барлық қызмет түрі тегін көрсетіледі. Бұл бастама «Жастар денсаулығын сақтау» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асуда.
Мамандар ерте жүктілік, түсік жасату сынды проблемалардың алдын алу мақсатында осындай жобаны қолға алған. Мамыр айында қолға алынған шара аясында Астана мен Қызылорда қалаларынан 100-ден астам ерікті арнайы оқудан өткен.
Айта кетейік, «Жастар денсаулығын сақтау» жобасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бастау алды. 2025 жылға дейін жалғасады.
Қанат Мырхайдаров, «Жастар денсаулығын сақтау» әлеуметтік жобасының жетекшісі:
Біріншіден, жастардың арасында ақпараттық жұмыс жүргіземіз. Осы жаңағы айтылған мәселелердің алдын алу бойынша. Екіншіден, біз волонтерлік ұйым құрдық. Волонтерлік ұйым тең-теңімен қағидатымен жастардың арасында кең ақпараттық жұмыстар жүргізеді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10