Алматыда кәсіпкерден пара талап еткен тұрғын ұсталды
Алматыда кәсіпкерден 390 мың АҚШ доллары көлемінде пара талап еткен тұрғын ұсталды. Күдіктіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне жәбірленушінің өзі құрықтап берген. Яғни, күдікті ақшаны алу кезінде ұсталған. Қолға түскен тұрғын өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған әрі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқандығы туралы жалған ақпарат берген.
Күдікті өзінің делдалдық қызметтерін ұсынып, мәселені шешу үшін ақша талап еткен. Сондай-ақ параны алған азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде қосымша 470 мың АҚШ доллары табылды. Ұсталған азамат қамауға алынды.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10