Аудан әкімдеріне бюджет қаржысын басқару құқығы беріледі
Аудан әкімдеріне бюджет қаржысын басқару құқығы беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында бұл бастаманы дұрыс шешім ретінде санайтынын жеткізді. Яғни, бюджет қаражатын қайда, қалай жұмсау қажеттігін сол елдімекендегі жергілікті әкімдіктен артық ешкім білмейді. Сондықтан мәселені тез шешу және аймақтарды дамыту жолында бюджет қаражатын аудан әкімдеріне басқару құқығының рөлі ерекше болмақ. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Жолдауда аудан және облыстық деңгейдегі қалаларда әкімдер сайлауын өткізу мәселесін көтерді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров әкімдер сайлауы жыл соңына дейін өтуі мүмкін екенін жеткізді.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Негізі заң бойынша сайлауға дайындық және оны өткізу мерзімі 50 күннен кем болмауы керек. Сонымен қатар 1 апта уақытты заң сайлау қорытындысы мен нәтижесін шығаруға беріп отыр. Кемінде 2 айдың ішінде өткізуіміз керек.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10