«Қазақстан» шахтасында болған апат бойынша тергеу жалғасып жатыр
5 адамның өмірін жалмаған Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында болған апат бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр. Үкіметтік комиссияның жұмысы тағы 10 күнге ұзартылды. Бұл туралы Төтенше Жағдайлар Министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова мәлімдеді. Оның айтуынша, шахтаның апаттық учаскесінде 27 құтқарушы жұмыс істеп жатыр, қосымша көмекке 14 кенші жұмылдырылған. Сондай-ақ 9 бөгет тұрғызылды. Оның үшеуінің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 17 тамызда Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на тиесілі «Қазақстан» шахтасында апат болып, 5 адам көз жұмған еді. Қазір шахтадағы жұмыс толықтай тоқтаған. 600-дей жұмысшы басқа шахталарға ауыстырылды.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04