Қазақстанда жаңадан салынған баспана тағы қымбаттады
Елімізде жаңадан салынған баспана тағы қымбаттады. Бір жылдың ішінде нарықтағы баға 4,4 пайызға өскен. Қазір жаңа пәтердің бір шаршы метрі 486 мың теңге. Ал былтыр күзде 426 мың теңге еді.
Үй бағасының көтерілуі, әсіресе, Ақтау қаласында байқалады. Мұнда баспана 18 пайызға қымбаттаған. Одан кейін Семей және Павлодар қалаларында да айтарлықтай өскен. Қазір ең қымбат баспана Астанада екен. Мұнда жаңа пәтердің шаршы метрі 587 мың теңге.
Баспананы жалдау ақысы да қымбаттады. Баға соңғы бір жылда 17 пайызға өскен. Әсіресе, Көкшетау, Қонаев және Ақтөбе қалаларында бірден 35 пайызға көтерілді. Ал екінші деңгейлі нарықтағы үй керісінше арзандап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ музыкасының әуені Канада төрінде қалықтады
29.12.2025, 13:11
ШҚО-да орманшыларға 140 автокөлік берілді
29.12.2025, 13:10
Оралда тазалық сақтау туралы жадынама таратылды
29.12.2025, 13:09
Әскердегі сарбаздар жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жүр
29.12.2025, 13:02
Ұлыбританияда жастар әскери даярлықтан өтеді
29.12.2025, 13:02
«Ислам мемлекеті» содырларымен қақтығыс кезінде 7 полицей жараланды
29.12.2025, 13:01
Ыстықкөлдегі елімізге тиесілі демалыс аймақтары жаңартылады
29.12.2025, 13:00
Ассамблеяның 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді
29.12.2025, 12:59