АҚШ-та мылтықты жартылай автоматқа айналдыруға тыйым салынды
АҚШ-та мылтықты жартылай автоматқа айналдыруға тыйым салынды. Ақ үйдің ұсынысын Жоғарғы сот қолдап шықты. Қару жарақ шығаратын компанияның жұмысына шектеу қойылды.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
АҚШ-та қару-жарақ бөлшектері еркін сатылады. Бұл сайып келгенде әуесқойларға қарапайым мылтықты,жартылай автоматқа айналдыруға мүмкіндік беріп отыр. Енді бұған тыйым салынбақ. Ел билігі қару-жарақ бөлшектерін шығаратын компаниямен соттасып, жеңіске жетті. «Бұл бейбіт халықты қылмыскерлерден қорғау үшін қажет қадам болды», - дейді Ақ үй өкілдері.
Роланд Гутьеррес, Техас штатының сенаторы:
Отбасылар алаңдап отыр. Олардың көңілі қалып жатыр. Бұл шындық. Қаншама жарақат алған бала ем-дом алып жүр. Олар бұрынғыдай емін-еркін қорықпай жүре ала ма? Біз олардың бейбіт күнін ұрлап жатырмыз. Егер нақты бір шара қолданбасақ, сіздің де аймақта қайталануы мүмкін.
Анжела Грегг, тұрғын:
Бейбіт күнде балалар өліп жатыр. Ұлттық гвардианы көшеге күзетке қойса да, бұл сұмдықты тоқтату керек. Бізге көмек керек. Мұны тоқтату керек.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Себебі биыл сегіз айдың ішінде жарты мыңдай жаппай оқ ату оқиғасы тіркеліп, 1200-ден астам бала мен жасөспірім қаза тапты. Атыс-шабыстың құрбандары көп болғандықтан АҚШ ақпарат құралдары қазіргі жағдайды «қару эпидемиясы» деп атап жүр. Былтыр антирекорд орнаған жыл болды. 48 мыңнан астам адам оқ тиіп көз жұмды.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01