Елімізде қоғамдық бақылау туралы заң қабылданды
Енді 50 мыңнан астам қол жинаған халықтық петициялар үкімет деңгейінде қаралатын болды. Бүгін Сенат қоғамдық бақылау туралы заң жобасын мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Құжат негізінде кез келген азамат қоғамдық бақылау ұйымын құрып, нысандарға тексеру жұмыстарын жүргізе алады. Бұл ретте қос тараптың да құқықтары мен міндеттері заңда нақты жазылған. Ал петицияны арнайы интернет портал арқылы бере алады. Уәкілетті орган петиция жария болғанша оның заңда бекітілген шарттарға сәйкестігін анықтайды. Дегенмен петиция арқылы әсер етуге болмайтын бірнеше мәселе бар.
Данияр Қадыров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:
Сайлау туралы, референдум, сот жүйесі туралы, прокуратура туралы, сонымен бірге арнайы қызметтердің қызметіне байланысты қойылмайды. Мемлекеттік құпиясы бар сұрақтар қойылмайды. Президент, екі парламент палаталары және үкіметтің құқығына кіретін лауазымдарды тағайындау мен орындарынан алу мәселелері де қарастырылмайды. Өйткені ол конституциялық заңмен, сайлаумен, референдуммен қарастырылады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10