Зухра Ирназарова нысана көздеу бойынша чемпион атанды
Медаль жауған күн. Азия ойындарында қазақстандық спортшылар тұғыр төрінен көрініп жатыр. Кеше ғана чемпион атанған Әсем Орынбай бүгін Эдурад Ещенкомен бірге командада оқ бойы озық шықты. Тағы бір мергеніміз Зухра Ирназарова да топ жарды.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Кеше стенд атудан қыздарымыз алтын алып, жеңісті жолды ашып бергендей, бүгін Әсем Орынбай осы ойындардың екі дүркін жеңімпазы атанды. Әсем сонымен қатар жекелей сында қола медаль еншілеген. Эдуард екеуі бүгін әлемнің ең үздік мергендерін басып озды. Кувейт құрамасында төрт дүркін әлем чемпионы бар, ал Қытай құрамасы халықаралық рейтингтегі үздіктердің қатарында. Талас-тартыс өте мықты болды. Әсемнің өзі де мұндай нәтижені Азия ойындарында көрмегенін айтады. Мерген қыздар жарап тұр. Бүгін жылжымалы нысана көздеу бойынша Зухра Ирназарова чемпион атанды. Командалық бәсекеде де жүлдеге ілігіп, екінші орыннан көрінді.
Зухра Ирназарова, Азия ойындарының жеңімпазы:
Әлі де қобалжып тұрмын. Өте қуаныштымын. Командамен де алтын алуға мүмкіндік болды. Сәл ғана жетпей қалды. Сыңарым екеуміз бұл спортпен айналысып жүргенімізге 5 жылдай болды. Фатима бүгін өзін жайсыз сезініп тұрды. Ол әлі чемпион болады деген сенімдемін.
Иә, расында бүгін медаль жауған күн болды. Жерлестеріміз 8 бірдей жүле алды. Қазір Қазақстан қоржынында 21 медаль бар.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да электр желісінің 80 пайызы тозып тұр
10.12.2025, 20:58
Отандық фильм көрерменге жол тартты
10.12.2025, 20:46
Бүгін – халықаралық Адам құқықтары күні
10.12.2025, 20:46
Астанада ертең де аяз болады
10.12.2025, 20:39
Электрлі самокатпен ереже бұзғандарға айыппұл көлемі белгілі болды
10.12.2025, 20:38
Мектептегі жаңа ас мәзірі
10.12.2025, 20:32
Аяз, көктайғақ, кептеліс: Қалада көлік қозғалысы қиындады
10.12.2025, 20:29
Әлем жаңалықтарына шолу
10.12.2025, 20:09