Тұтынушы құқығын бұзғандарға айыппұл салынады
Тұтынушы құқығын бұзған кәсіпкер айыппұл төлеуі мүмкін. Сауда және интеграция министрлігі жаңа заң жобасын Мәжіліске ұсынды. Бұл сауда және қызмет көрсету салаларының барлығына қатысты. Егер жауапсыз кәсіпкердің кінәсі анықталса, ол тұтынушы талап еткен ақшаның 10-50 пайызын төлейді. Яғни, клиент аз ақша сұраса, айыппұл мөлшері де төмен болады.
Жалпы құқығы бұзылған тұтынушылар елімізде жыл сайын 30 пайызға артып отыр. Мәселен, 2020 жылы 21 мың өтініш қаралса, былтыр оның саны 30 мыңға жеткен. Соның ішінде бөлшек сауда, қызмет көрсету және онлайн магазиндерге шағымданушылар көп. Сондай-ақ, тамақтану орындары, көлік және байланыс, медицина қызметіне де шағым 2 есе өскен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Батыс Қазақстанда мұз ойылып, жүк көлігі суға батып кетті
29.12.2025, 10:28
Пиротехниканы заңсыз саудалағандарға айыппұл салынды
29.12.2025, 10:27
Ресейде алаяқтарға жаза күшейеді
29.12.2025, 10:25
«Хамас» қозғалысын қаржыландырғандардан 1 млн еуродан астам ақша тәркіленді
29.12.2025, 10:24
Трамп пен Зеленский төртінші рет кездесті
29.12.2025, 10:22
Бүгін Мәжілісте 8 заң жобасы қаралады
29.12.2025, 10:20
Шымкентте 8 адам газдан уланып, ауруханаға түсті
29.12.2025, 10:20
Атырауда үш адам газдан уланып көз жұмды
29.12.2025, 10:18